Мама, саган калай, кайтіп акталам?
Бар сырымды ашып бугін актарам.
Кешір мені окпелетсем мен сені,
Кешір, мама ісім болса жакпаган?
Журегінде бір мун барын білемін,
Сал мунайсан ауырады журегім.
Бір Алладан кундіз-туні жалынып,
Бір озіннін амандыгынды тіледім.
Мама білем, аландайсын мен ушін,
Уйкы кормей отетінсін тун ішін.
сал мунайып калсан егер жабыгам,
Мама, мен де аландаймын сен ушін.
Еркелеттін ботаканым, кунім деп,
Бір озіне актаратын сырым коп.
Менін мына тагдырыма аландап,
Уйкы кормей отті талай тунін коп.
Бул омірде сенен артык таппаймын,
Акылынды журегіме сактаймын.
мама саган карыздармын мангілік,
Кайтсем де мен ак сутінді актаймын.
******************************
Мама,сені бүгін көрдім түсімде,
Жолға қарап күтуменен жүрсің бе?
Менің мына тағдырыма алаңдап,
Өтінемін, күрсінбеші күрсінбе.
Бала кезден тәрбиелеп өсірдің,
Қателікті,балалықты кешірдің.
Жанымда жүгеніңде сезінбей,
Қадіріңді алыстағанда сезіндім.
Асыл анам, ардақты анам,анашым,
Ақ сүт беріп ер жеткізген баласын.
Жүрегіңдегі бар мейірімді аямай,
Күннен-күнге қымбат болып барасың